Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы учаскелік инспектор 53 жастағы тұрғынды өрттен құтқарды. Оқиға Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында болған, деп жазады Qazaqstan Media.

 Өрт Кладбинка ауылы Мир көшесіндегі үйлердің бірінде 13 маусымға қараған түні шықты. Отты түнгі сағат  01:40 шамасында патрульде жүрген ауылдағы  учаскелік полиция инспекторы Азат Әнуарбек байқайды. Ол кезде көршілері де дабыл қаға  бастайды.

Жалындап жатқан баспанаға жедел жеткен полиция капитаны үйдің төбесі мен кіреберіс есігі отқа оранғанын көрген. Ол бұл үйде 53 жастағы ауыл тұрғыны тұратын жақсы біліп, баспанаға терезені сындырып кірген. Кейін түтін басқан үйді тексеру үшін еденмен өрмелеп жүрген.Үй иесі түпкі бөлмеде болған. Ол да дауыстап көмек шақыра бастайды.  

«Тәртіп сақшысы оны өзі сындырып кірген терезеге жеткізеді. Сол жерден көршілері үй иесі мен полицияны сыртқа шығарып алады.  Келіп жеткен өрт сөндіру қызметкерлері өртті ауыздықтады. Зардап шеккен ауыл тұрғынына дәрігерлердің көмегі қажет болмады. Ол полиция қызметкеріне батыл әрекеті үшін шын жүректен алғысын білдірді»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Мәлік Отарбаев: СҚО ҚХА-ның жұмысы жоғары бағаға лайық

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *