Елде тіркелген алты мыңға жуық препараттың құны қайта қаралып, қолжетімділік артады. Мақсат – бағаны төмендетіп, халықтың қалтасына түсетін салмақты азайту. Орта есеппен 2 222 дәрі 18%-ға, 1 847 медициналық бұйым 14%-ға, дәріханалардағы 5 492 дәрі-дәрмек — 30%-ға дейін арзандайды. Есептеу кезінде препараттың шығарылу түрі, дозасы, көлемі мен халықаралық бағалар ескерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шілдеге дейін елімізде тіркелген барлық дәрі-дәрмек бағасы қайта есептеледі. Шекті бағаға қатысты өзгерістер тегін медициналық көмекті және дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді де қамтиды. Жаңартылған тізімге жалпы 5 936 дәрілік атау мен медициналық бұйым кіреді.

«Кейбір дәрі-дәрмектің шекті бағасына қосылатын үстемелерді алып тастадық. Өйткені, олар негізсіз болып көрінді. Қазір фармацевтикалық қауымдастықпен жаңа модельді сынақтан өткізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Өзгерістер тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы дәрі-дәрмек бағасы шамамен 19 пайыз, ал көтерме және бөлшек саудада 30 пайыз төмендеуі мүмкін», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Дәрілік заттарды нарыққа шығару процесі де жеңілдетіліп жатыр. «Бір терезе» қағидаты бойынша жаңа пилоттық жоба енгізіліп, тіркеу, сараптама және баға бекіту процестері біріктірілді. Сонымен қатар шетелден келетін дәрі-дәрмектердің елге жылдам жетуі үшін де қолайлы жағдай қарастырылып жатыр.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, үш миллионнан астам азаматқа 118 түрлі ауру бойынша 246,29 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілген. Сонымен қатар, орталықтандырылған сатып алу арқылы 1 593 дәрі атауы қамтамасыз етілген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда алдағы екі жылда 11 көшедегі жер телімі  алынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *