Петропавлда 17-ші мамыр күні 30 жастағы ер адам тұрмыстық жағдайда күйік алған болатын. Ол канистрден дәнекерлеуші шамға бензин құйған кезде темекі шеккен. Сол кезде бензинге от тиіп, марқұмның үстіндегі киімі жанған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ер адам жедел жәрдеммен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Жағдайдың ауырлығына қарай, ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Сол кезде дәрігерлер оның жағдайын «өте ауыр» деп бағалаған еді.

«Ер адамның денесінің 90% күйік шалған. Басы, аяқ-қолы және тыныс алу жолдары күйген. Қазір ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. Дәрігерлер барлық ем-домды көрсетіп жатыр», — деп хабарлаған болатын аурухананың баспасөз қызметі.

Кейін ер адамның алған жарақаты салдарынан көз жұмғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда автобус астында қалған жүргізушінің жағдайы тұрақталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *