Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындабірден екі елді мекен ішімдіктен бас тартты. Мұндай шешімді Ақтүйесай ауылдық округіне қарасты Шағырсай ауылы мен Бидайық ауылдық округіндегі Жамбыл ауылының тұрғындары қабылдаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл шешім ауыл тұрғындарының жиналысында қабылданды. Онда көпшілік салауатты өмір салтын қолдап және балаларының жарқын болашағы үшінішімдіктен бас тартқан.
Бұл үдерісте үйлестіруші рөлді Уәлиханов ауданыныңпрокуратурасы атқарды. Олар бастамаға құқықтыққолдау көрсетіп қана қоймай, халықпен түсіндіружұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, прокуратура органдары, аудандық әкімдік, ішкі істер бөлімі және ауыл тұрғындарының бірлескен үйлесімді жұмысының арқасында енді бұл ауылдарда ұйымдастырылатын барлық іс-шаралар алкоголь өнімдерінсіз өтеді.
Жергілікті дүкендер халықтың өтінішін қабылдап, алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатты. Кәсіпкерлер спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартты. Осылайша, бұл шешім тек тұрмыстық деңгейде ғана емес, экономикалық деңгейде де қолдау тапты.
Ауыл тұрғындары бұл шешімді өздері қабылдаған. Балалардың болашағы мен ұл ден саулығына алаңдаулы.
«Бұрын мерекелер мен іс-шараларда жиі жанжалдар болатын. Қазір бәрі тыныш, бір-бірімізге құрметпен қараймыз», — дейді жергілікті тұрғын Қайролла Адыкенов.
Алкогольден бас тартудың оң әсерін тұрғындар алғашқы аптада-ақ сезген. Тұрмыстық жанжалдардың саны азайып, қоғамдық тәртіп деңгейі артты, көшелерде қауіпсіздік жақсарды. Кешкі уақытта ауылда отбасылар балаларымен серуендеп, жастар спортпен шұғылданып жүргенін көруге болады.
«Бұл шешім 2025–2030 жылдарға арналған «Құқықжәне тәртіп» концепциясы принциптерінің нақтыжүзеге асуы болды. Біз заңды қолданудың формальдытәсілінен қоғамда тұрақты құқықтық сананы қалыптастыруға көшу туралы айтып отырмыз. Адамдардың өздері алкогольден бас тартуы – бұлжетілген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Бұл іс басқа ауылдық округтер үшін де үлгі бола алады. Тұрғындармен жұмыс жүргізу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет. Және ең бастысы – бастаманы тұрғындардың өздері көтеріп отырғандығы қуантады», — деп атап өтті Уалиханов ауданының прокуроры Еркеш Оспанов.

Қазір отбасы құндылықтарын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Шағырсай және Жамбыл ауылдарының тұрғындарының шешімі-қоғамдастықтың күші мен мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу ауыл өміріндегі нақты өзгерістерге қалай әкелетінінің жарқын мысалы.
Тағы көріңіз: