Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы 28-ге жуық жұмыс беруші 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығы бірлесіп ұйымдастырған. Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыссыз азаматтарға, жастарға және басқа да санаттағы тұрғындарға тұрақты жұмыс табуға көмектесу.

«Бұл – Петропавл қаласында биыл өткізіліп отырған бесінші жәрмеңке. Ал облыс бойынша 70-ші. Бүгінгі шараға 28 жұмыс беруші шақырылды. Олар 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынуда. Сонымен қатар, 800-ге жуық жұмыссыз азаматқа ақпарат берілді. Жыл басынан бері облыс бойынша 2615 адам жұмысқа орналастырылды», – деді Еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары Ботагөз Оразбаева.

Жәрмеңкеге қатысқан қаламыздың ірі кәсіпорындардың бірі – «Радуга» ЖШС. Компания сауда-саттық және өндіріс бағытында жұмыс істейді.

«Қазіргі таңда бізде тағам өндірісі фабрикасына, жуу құралдарын шығаратын зауытқа және металлопластикалық бұйымдар шығаратын өндіріс орындарына операторлар қажет. Жұмыс кестесі әртүрлі: ауысыммен де, бес күндік негізде де жұмыс істеуге болады. Жалақы 200 мың теңгеден басталады. Еңбек етуге барлық жағдай жасалған», – дейді «Радуга» ЖШС қызметкері Қымбат Нұрышева.

Мұндай жәрмеңкелер жұмыс іздеушілерге тікелей жұмыс берушімен сөйлесіп, талаптармен танысуға және бірден алдын ала сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септеседі.

 

Тағы көріңіз: Кене энцефалиті: СҚО-да бес адам ауруханада жатыр

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *