ТЖМ қызметкерлері балалардың терезеден құлау оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдап отыр. Жыл басталғалы елімізде осындай 60 оқиға тіркелген. Соның бірі СҚО-да орын алды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл тақырып бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте сөз болды. Жыл басталғалы өңірде осындай бір оқиға тіркелген. Қайғылы жағдай Ғ. Мүсірепов ауданындағы Возвышенка ауылында болған. Мұнда үш жасар қала терезеден құлап, ауыр жарақат алды.
«Оқиға 28 сәуір күні болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз бала жеке тұрғын үйдің терезесінен құлап, бас-ми жарақатын алды. Ол 10 күндей облыстық балалар ауруханасында жатып ем қабылдады», — деп хабарлады СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.
Қазір ол үйінде ем қабылдап жатыр. Мамандар жазғы демалыс кезінде мұндай оқиғалардың саны арта түседі деп отыр. Сондықтан ТЖД қызметкерлері алдын алу шараларын күшейткен. Және ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Тағы көріңіз: Петропавлда ыстық су беріле бастады