Мамыр айының үшінші жексенбісі әлем бойынша ЖИТС ауруынан көз жұмған жандарды еске алу күні. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы АИТВ ауруын жұқтыру бойынша орта деңгейде тұр. Оған дейін бұл көрсеткіш жоғары болған. Қазір облыста 1400 адамға аталмыш диагноз қойылып, есепке алынған, деп жазады Qazaqstan Media.

ЖИТС ауруынан көз жұмған азаматтарды еске алу  күні биыл 18-ші мамырға келіп тұр. Бұл жұқпалы инфекциядан қайтыс болған адамдарды еске алу ғана емес, АИТВ-мен ауыратын адамдарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салатын күн. Қазіргі кезде АИТВ-ні уақтылы емдеу ұзақ және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні АИТВ жұқтырған 1400 солтүстікқазақстандық есепте тұр. Оның 65 пайызға жуығы ерлер, қалған 35 пайызы әйелдер екен. Соңғы үш жыл ішінде балалар арасында АИТВ инфекциясын жұқтырғандар анықталмады.

«2016 жылдан бастап облыс АИТВ-мен ауыру деңгейі жоғары аймақтарға жатқызылды. Бұл инфекцияның парентеральды берілу жолының күрт өсуімен байланысты болды. Ол заттарды инъекциялық түрде, соның ішінде «тұз»деп аталатын заттарды бірге қолданған кезде жұқтыру жағдайларына байланысты болды. 2025 жылдың бірінші тоқсанының нәтижесі бойынша СҚО жоғары деңгейден, орташа деңгейге ауысты», — деп атап өтті облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы директорының міндетін атқарушы Айман Сыздықова.

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында 10 аутрич қызметкер бар. Ол – писихобелсенді заттарды қолданып көрген, бірақ тәуелділіктен шығып, қателіктерін түсінген жандар.

«Олардың көмегінің арқасында біз жабық ортаға кіріп, адамдарға бір реттік шприцтерді қолдану, АИТВ-ға тестілеу, емдеуді бастау қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алдық. Әрбір аутрич қызметкері денсаулық сақтау жүйесі мен әсіресе инфекцияға бейім адамдар арасындағы байланыс болып табылады. Олар АИТВ жұқтыру қаупі туралы әңгімелейді, жергілікті жерлерде тестілеу үшін дәрігерлердің келуін ұйымдастырады», –  деді Айман Сыздықова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да республикалық олимпиаданың шешуші кезеңі басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *