Петропавлда «Қызылжар барысы» турнирі өтті. Оған 27 палуан қатысып, қазан айында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында өңір намысын қорғайтын спортшыны анықтады. Бұл жолы да жеңіске Уалиханов ауданының спортшысы, қазақ күресінен Қазақстан кубогінің иегері Алтынбек Аусағитов жетті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Боз кілемге белдесуге шыққан палуандардың барлығы тәжірбиелі спортшылар. Жігіттердің әрқайсысы өз аудандарында үздік деп танылғандар.

Алтынбек Аусағитов «Қызылжар барысы» атағын сақтап қалды
Алтынбек Аусағитов «Қызылжар барысы» атағын сақтап қалды

«Биылғы жарыстың ерекшелігі ол — түйе палуандармен қатар, төмен салмақта өнер көрсетіп жүрген спортшыларда турнирге қатысты. Жалпы, 97 спортшы келген. Соның 27-сі, яғни түйе палуандар ғана «Қызылжар барысы» атағына таласты. Бірінші орын алған палуанға 700 мың, екінші орынға 500 және үшінші орынға 300 мың теңге берілді. Сонымен қатар, жеңімпаз атанған үш спортышға да белдік тағылды», — дейді жарыстың бас төрешісі Асылхан Болатов.

Алтынбек Аусағитов «Қызылжар барысы» атағын сақтап қалды
Алтынбек Аусағитов «Қызылжар барысы» атағын сақтап қалды

Білекті де, жүректі палуандардың арасында бірнеше жылдан бері өзгелерге дес бермей келе жатқан спортшылар да бар. Мәселен, Алтынбек Аусағитов былтыр турнирдің республикалық кезеңіне қатысқан. Ол төрт белдесу өткізіп, соңғысында есе жіберіп алған. Биыл тағы да бағын сынап көрмек. Сонымен қатар, М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті Әділет Мырзаш та өткен жылы өңір намысын үлкен додада қорғаған болатын.

Алтынбек Аусағитов «Қызылжар барысы» атағын сақтап қалды
Алтынбек Аусағитов «Қызылжар барысы» атағын сақтап қалды

«Мен қазақ күресімен екінші сыныптан бастап айналысып келемін. Былтыр «Қызылжар барысы» турнирінде Алтынбек Аусағитовқа есе жіберіп алған едім. Екінші орын алып, «Қазақстан барысы» жарысына бардым. Бұл үлкен додадағы бірінші  тәжірибем болды. Биыл да республикаға жоладам аламын деген үміттемін. Қарсыластарым мықты, кейбірімен әлі белдесіп көрмегенмін. Әзірге екі белдесу болды. Екеуінде де жеңіске жеттім», — дейді палуан.

Бабы мен бағы қатар шапқан жігіттердің бірі- Дмитрий Диннер. Ол Қызылжар ауданы атынан шығып, үшінші орынды иеленді. Ал Шал ақын ауданынан келген Әділ Қайыр күміс жүлдеге ие болды. Ал Алтынбек Аусағитов болса, «Қызылжар барысы» титулын сақтап қалды. Енді Алтынбек пен Әділ республикада өтетін жарысқа қатысады.

Тағы оқыңыз: Телемедицина қарқынды дамуда: Жыл басталғалы 1200 солтүстікқазақстандық кеңес алған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *