Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханада жатқан соғыс ардагері Василий Макиенконың хал-жағдайын сұрап білді. Қазір ардагерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полицейлер болса сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады Qazaqstan Media.

Василий Макиенко өңірде тұратын үш ардагердің бірі.  99 жастағы қария белсенді өмір салтын ұстанып келді. Былтыр өңір басшысымен бірге Жеңіс күніне орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Келесі жылы ардагер өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтпек. Кешегі күні ҰОС ардагері құлап, ауруханаға түскен болатын.

«Полиция Петропавл қаласының 99 жастағы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенконың денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 20 сәуір күні түстен кейін Назарбаев пен Мүсірепов көшелерінің қиылысында зейнеткер жолдың жүріс бөлігін бағдаршамның рұқсат беру сигналына кесіп өткені анықталды. Осы кезде қала мектептерінің бірінің тоғыз жасар оқушысымен қақтығыс болды. Оның айтуынша, ол жолды кесіп өтіп, ер адамды байқамаған. Полиция оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлерін анықтады»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханаға арнайы барып, ардагердің хал-жағдайын білді. Қазіргі кезде қарияға толық медициналық көмек көрсетілуде.

«Василий Васильевичке тезірек сауығып кетуін тілеп, Жеңістің 80 жылдығын отбасымен, жақындарының ортасында қарсы алатынына үміт білдірдім. Ардагерлер — біздің мақтанышымыз, тарихтың куәсі. Оларға қамқорлық жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету — баршамыздың міндетіміз. Жастардың үлкен буынға құрметпен қарауын және оларға қиын сәтте көмек көрсетуге ұмтылысын қалыптастыру маңызды», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: 1941-1945 жылдары СҚО-да бес эвакуациялық госпиталь жұмыс істеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *