Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мақсатсыз пайдаланылып келген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды. Мұндай 34 жер учаскесі анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұндай жағдайлар Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарында тіркелген. Жерді пайдаланушылар Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін мақсатсыз пайдаланып келген. Оның жалпы ауданы 125 мың гектарды құрайды.

«Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңге болатын 8 жер учаскесі қайтарылды. Олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда. Қалған жер учаскелері бойынша қайтару жұмыстары жалғасуда», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қоныс аудару бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтаған болатын.

Тағы оқыңыз: Ербол Хамитов пен Александр Герлиц әлемдік додада бес медаль жеңіп алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *