Петропавлда Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай, «Мәңгілік алау» мемориалы жөнделетін болады. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің есеп беру кездесуінде айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл өткен ғасырда орын алған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Яғни, Кеңес әскерінің фашистерді жеңгеніне — 80 жыл. Осыған орай, Петропавл қаласының басшылығы облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» мемориалын реттеп, жөндемекші. Бұл жайында өз баяндмасында шаһар басшысы Серік Мұхамедиев айтты.

«Биыл бәріміз үшін маңызды оқиға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Осыған байланысты «Мәңгілік алау» мемориалын жөндеуді жоспарлап отырмыз. Ол жерді гранит тастармен абаттандырамыз. Ол үшін барлық материалдар дайын», деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Петропавлдағы Ұлы Отан Соғысына қатысты барлық шағын архитектуралық формалар да жөнделіп, жаңартылатын болады. Мамыр айында сенбіліктер де ұйымдастырылады.

Ал «Мәңгілік полкі» шеруін ұйымдастыру әлі шешілмеген. Алдымен оны ұйымдастыру барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағы қарастырылып жатыр. Кейін шешім шығарылады.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының белсенді азаматтары марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *