Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясының 2024 жылғы қортындысы шығарылды. Сонымен қатар, биылғы жоспар бекітілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Таза Қазақстан» акциясы 2024 жылдың сәуір айында ел көлемінде басталған болатын. Содан бері солтүстікте 271 шара ұйымдастырылып, 2,8 мың экологиялық акция өткізіліпті.
Сенбіліктерге 158 мыңнан астам адам қатысқан. 6,1 мың бизнес субъектісі және 63 өнеркәсіптік кәсіпорын ат салысты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 578 тарихи-мәдени ескерткіш, 200-ден астам саябақ пен сквер, 23 субұрқақ тазартылды. Қоқыс жинауға 2,4 мың бірлік техника тартылды. 53 мың аула аумағы тазартылды, 167 мың тонна қоқыс полигонға шығарылды. Сондай-ақ 34 мыңнан астам ағаш пен 3,2 мың тал отырғызылған.

«Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік шара емес, экологиялық мәдениетті қоғамда енгізудің ұлттық міндеті екендігін атап өтті. Бизнес қоғамдастығы, депутаттар, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар және облыс тұрғындары қоршаған ортаны сақтауға және «Таза Қазақстан» акцияларына белсене қатысуы керек», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы мемлекеттік органдарға экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі Концепцияны жүзеге асыруға арналған өңірлік жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу және аумақтарды тазарту жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру үшін түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Тағы оқыңыз: Ауызашарға аста-төк дастархан жаюдың қажеті жоқ — СҚО бас имамы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *