Петропавлда пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан үй өртенді. Солнечный-2 шағын ауданында болған оқиғада зардап шеккендер жоқ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жеке тұрғын үйдегі өрт 24-ші ақпанда орын алды. Қала шетіндені Солнечный-2 шағын ауданында үйдің шатыры отқа оранған. Өрт сөндіруші мамандар оқиға орнына бірден жетті. Жалын 108 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.  Әсіресе пешпен жылытуды қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар.Төтенше жағдайларда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!»,- деп ескертеді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алғаш рет эпилепсиямен ауыратын науқасқа стимулятор орнатылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *