Петропавлда «Адам-еңбегімен абыройлы» атты мәдени шара өтті. Оны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырып, өңіріміздің аудандарынан келген еңбек ардагерлерін марапаттады, деп жазады Qazaqstan Media.
«Шын жүректен» әлеуметтік-мәдени жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара, жұмысшы мамандықтары жылына арналды. Залға жиналғандардың арасында ақжарлық Қалима Махметова да бар. Ол К-700 тракторын тізгіндеп, жер жыртқан. Қысы-жазы ауыртехниканы жүргізген қария кезінде «Коммунистікеңбек екпіндісі» атағын да алған.
«Адамының еңбегі әрқашан бағалануы тиіс. Жұмыстың ауыр-жеңілі болмайды. Тек адал еңбекқана адамға абырой, атақ, даңқ әкеледі. Қазір әр жұмысшының жағдайы жасалған. Тек ерінбесеңболды. Біздің кезбен қазіргі заманды салыстыруға болмайды. Бүгін техника жаңа, автомат бәрі», — дейді Талшықтан арнайы келген Қалима Махметова.
Ардагерлер кеңесі өткізген мәдени жиын барысында алты ауданнан келген қариялар сахна төрінен орыналды. Оларға арналып ән шырқалды, игі тілектер, жас буынның алғысы айтылды.
«Облыстық ардагерлер кеңесі әрдайым аға буынмен жастардың арасын байланыстыруға тырысады. Үлкендерден үлгі алуға шақырамыз. Еңбек ардагерлері жастардың тәрбиелі болып өсуіне және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға оң ықпал етеді. Сондықтан, аудандардан келген қарттарымызға «Құрметті ардагер» төсбелгісінб ереміз», — деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда аудандық соттар біріктірілді