Еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмысшы мамандықтың маңыздылығын айшықтау. Осы мақсатта Қазақстан халқы партиясымен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ облыстық филиалдары «Қызылжар су» ЖШС-нің мамандарымен кездесіп, алғыс хаттар табыс етті, депжазады Qazaqstan Media.

«Қызылжар су» серіктестігі облыс орталығын суменқамтып отырған жалғыз ұжым. Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде кәсіпорын жұмысшылары тәулік бойы жұмыс істеп, ауыз сусыз қалған тұрғындардың жағдайларын жақсартуға тырысты. Олардың еңбегін бағалаған қоғамдық қор және партиялықтар алғыс хаттар табыстап, ұжымға сыйлықтарын берді.

«Біз облыс орталығындағы кәсіпорындарды аралап, ұжыммен кездесулер өткіземіз. Оның барысында мамандарға алғас хат табыстап, сыйлықтарымызды табыстаймыз. Осылайша біз жұмысшылардың мәртебесін көтеруге ат салысып, еңбектерін бағалауға шақырамыз. Жұмысшы мамандықтарға қатыстышаралар бір жыл емес, әрдайым болу керек», дейді ҚХП СҚОФ төрағасының орынбасары Болат Қожахметов.

Алдағы күндері ұйымдастырушылар тігіншілер жәнетеміржолшылармен кездесу ұйымдастырмақ. Сонымен қатар, жоспорда облыс көлеміндегі ірі кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесу де бар.

Тағы оқыңыз: Мұз үстіне мас күйде шыққан: СҚО-да балық аулау ережелерін бұзудың 23 дерегі анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *