Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы «Әскери борыш – абырой мен тағдыр» атты іс-шара ұйымдастырды. Оған әскерилер мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы Д. Карбышев атындағы №40 орта мектеп жанындағы «Жас батыр» орталығында өткен кездесуге 40-қа жуық студент қатысты. Олар Қорғаныс департаментінің өкілдеріне өз сауалдарын жолдап, Ауған соғысы ардагерлерінің естеліктерін тыңдады.

«Мен 1984 жылы әскерге шақыртылып, ең алдымен  бес ай бойы Ашхабадта даярлықтан өттім. Кейін Ауған жеріне аттандым. Мен үшін ең қиыны жанымдағы жолдастарымнан айырылу болды. Таңертең бірге тамақ ішіп, бірге ұрысқа аттанған досың кешке қайтып келмегенде ішің удай ашиды. Бірақ амал жоқ. Елге көбі қайтып оралмады. Сол жақта жүріп нағыз достықтың бағасын білдік. Әлі күнге дейін бәріміз араласып тұрамыз. Тіпті, өзге елдерде тұратын жандармен хабарласып, жиі болмаса да кездесуге тырысамыз», — дейді «СҚО Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ төрағасы Марат Әлжанов.

Петропавлда әскерилер мен Ауған соғысының ардагерлері жастармен кездесті

Ауған соғысының ардагерлері бүгіндері әскерилер үшін бар жағдайдың жасалғандығын айтып отыр. Сондықтан олар жастарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақырды. Өйткені, әскер – өмір мектебі.  

Кейін шараға қатысқандар мұндағы музейді аралап, Ауған соғысы жайлы бейне роликті тамашалады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық оқушылар үшін трансформатор зауытына экскурсия ұйымдастырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *