Енді елге келген әрбір шетелдік қонаққа электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі. Онда туристердің Қазақстан Республикасында қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының президенті жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі. Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.
QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.

SafeTravel.kz-те:

Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасы, оның ішінде «SOS» функциясы;

Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;

Танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы;

Ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі;

Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме;

Түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері;

Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді.

Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға қоныс аударып, қайта көшіп кеткен отбасы мемлекетке бес млн теңге қайтарады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *