Петропавлда қонаққа барған ер адам күйік алып, ауруханаға түсті. Ол мангалды тез тұтандыратын сұйықтықты пайдаланып жақпақшы болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға екінші ақпан күні болған. 59 жастағы ер адам Петропавлдағы Зауыт көшесіндегі жер үйлердің біріне қонаққа барады. Сол жерде аулада мангалды тұтатпақшы болған. Ол үшін тез тұтанатын сұйықтықты пайдаланған. Нәтижесінде күйік алып, ауруханаға түсті.

«Қазіргі кезде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы орташа, бір қалыпты», — деп нақтылады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Тағы оқыңыз: Алтыншы ақпан — Дүниежүзілік сайлау күні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *