Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы кәсіптердің беделін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін толық қайта қарау жоспарлануда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауқымды шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.
«Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек. Жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс. Бизнес бұл салаға көбірек келуі үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Оның мөлшері де біркелкі болады. Бұған биыл бюджеттен қосымша 22 миллиард теңге бөлінеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Енді әкімдер жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, аймаққа қажетті мамандықтар тізімін анықтаулары тиіс. Сондай-ақ сұранысқа ие кадрлар даярлау үшін колледждерге бағыт-бағдар беруі қажет.
Тағы оқыңыз: Президент: энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек