Петропавлдағы Жұмысшы кенті Урожайный қысқа көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Ол бұрын іздеуде болған 45 жастағы петропавлдық болып шықты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр. Олардың хабарлауынша, қазір қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 69 жастағы ер адам ұсталған.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу аясында жария етілмейді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы көтеріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *