СҚО-ға Ресейден екі жылдың ішінде газ тартуға болады

Солтүстік өңірге газ тарту мәселесі энергетика министрлігінің күн тәртібінен түспепті. Қазіргі кезде билік өкілдері тиімді тұстарды қарастырып жатыр. Ресейден газ құбырын тарту тиімді болғанымен баға мәселесі әлі келісілмеген екен. Бұл туралы өңірге келген ҚР энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік аймаққа табиғи газ тарту тақырыбы бірнеше жылдан бері әлсін-әлсін талқыланып келеді. Билік өкілдері теріскейді газдандырудың екі нұсқасын айтқан болатын. Біріншісі «Сарыарқа» газ құбыры. Орталық және Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында 2019 жылы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырынан газ алатын «Сарыарқа» газ құбырының алғашқы кезеңі іске асырылды. Кейін 2022 жылы «АстанаГаз ҚМГ» АҚ құны 188,5 млрд теңге болатын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін «Сарыарқа» екінші, үшінші кезеңінің құрылысы бойынша техникалық экономикалық негіздеме әзірледі. Қазір газ Астана қаласына жеткен. Ал солтүстікке жеткізу үшін кем дегенде бес-алты жыл уақыт керек.
Ал екінші нұсқа — Ресей Федерациясынан газ алу.

СҚО-ға Ресейден екі жылдың ішінде газ тартуға болады

«Бізде Ресей Федерациясынан газ тарту мүмкіншілігі бар. Бір жылдан бері Газпромм мекемесімен баға бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер бір мәмілеге келсек Ресейден бірінші газды қабылдайтын Солтүстік Қазақстан облысы болады. Көрші елдің Ишим қаласынан Петропавлға газ жеткізуге бір-екі жыл уақыт кетеді. Тездетіп газ әкелуге болады, бірақ ол қымбаттау болады. Ол халыққа тиімсіз. Құбырлардың өткізу қабілетін қарастырсақ, Ресейден арзан газ тартқан тиімді»,-дейді Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа қоқыс полигонын салуға жер учаскесі бөлінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *