Солтүстік Қазақстан облысының сотында кадырлық ауыс-түйіс. Үш бірдей соттың судьясы ауысты, деп жазады Qazaqstan Media.
Жаңа тағайындалған судьялар облыстық сотта өткен жалпы отырыс барысында таныстырылды. Олар Президентттің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы №726 Жарлығымен тағайындалды.
«Президент Жарлығымен облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьясы қызметіне Нұргүл Молдахметова тағайындалды. Ал облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымына Жанель Әбілмажинова келді. Тайынша аудандық сотының судьясы да ауысты. Енді бұл қызметті Марал Құжрақаева атқарады», — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдап, ұжымдарға таныстырылды.
Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында үш отбасы баспаналы болды