СҚО-да оқушы мен әскери қызметкерден шошқа тұмауы анықталды

Қазақстанда эпидмаусым ресми түрде бірінші қазаннан басталды. Осы аралықта 30 мыңға жуық тұрғын жіті респираторлық вирус жұқтырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес пайызға аз. Бірақ, өткен аптада науқастанғандар саны 4419 болды. Бұл оның алдындағы жеті күндік дерекпен салыстырғанда 10 пайызға көп, деп жазады Qazaqstan Media.

Вирустық инфекция жұқтырғандардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар көп. Олар науқастардың 67 пайызын құрайды.
Эпидемиологтар осы маусымда В вирусының қосылуымен А/Н1N1/pdm09 және А/H3N2 типті вирус субтиптерінің қоса айналымын күтуге болады деп болжап отыр. Сондай-ақ, А/Н1N1/pdm09 тұмауы вирусының басым болу ықтималдығы жоғары. Ол көпшілік арасында «шошқа тұмауы» деген атпен танымал. Оның екі жағдайы бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

«Қазір А типті (H1N1-PDM-09) тұмаудың екі жағдайы анықталды. Науқастардың бірі-мектеп оқушысы. Екіншісі – әскери қызметші. Олар тұмауға қарсы екпе алмаған», — деп хабарлады СҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Ведомствоныңимәліметінше, биыл А типті тұмау (H1N1-pdm-09) қыстың басында анықталса, былтыр бірінші жағдай қарашаның алғашқы онкүндігінде тіркелген.Сондай — ақ, облыста басқа вирустық респираторлық инфекциялар-риновирустар тіркеліп жатыр. Мамандар бұл аурудың 28 жағдайын анықтады. Аденовирустарға 27 тұрғын шалдықса, парагрипптің 20 фактісі тіркелген. Екі азаматқа коронавирус диагнозы қойылған.

«Маусымдық тұмау жоғары температураның кенеттен пайда болуымен сипатталады. Әдетте құрғақ жөтел, бас ауруы, бұлшықет ауруы және буындардағы ауырсыну, тамақ ауруы және мұрыннан су ағу секілді симпотмдарды байқауға болады», — дейді мамандар.

Әзірге вирустардың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі вакцинация болып отыр.

Тағы оқыңыз: Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан ақжарлық механизтор марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *