Петропавл қалалық мәслихатына жаңа депутат сайланды

Сегізінші желтоқсанда қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бүгін саяси доданың қорытындысы жарияланды. Петропавл қалалық мәслихатының № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің депутаты болып Тимур Жұманов сайланды, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдағы № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 9137 сайлаушы тіркелген. Олардың 2913-і сегізінші желтоқсан күні дауыс беруге қатысқан. 18 азамат дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде өз таңдауын жасады.

Аталмыш окург бойынша үш кандидат тіркелген болатын. Сайлау қорытындысы бойынша 321 адам Әлфараби Мыңбай үшін дауыс берген. Дамир Абдинді 545 сайлаушы таңдаған. Тимур Жұманов үшін 1825 тұрғын дауыс берді. Ал 206 тұрғын «бәріне қарсымын» деген бағанды белгілеген.

«Сайлау қорытындысы бойынша Жұманов Тимур Сайлаубекұлы Петропавл қалалық мәслихатының № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің депутаты болып сайланды. Ол 1991 жылы туған, «QazaqstanMedia» ЖШС директоры, Петропавл қаласының тұрғыны, AMANAT партиясы ұсынған кандидат», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Тимур Жұманов шығып қалған депутат Қаныш Бижановтың орнын басты. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындылған еді.

Сонымен қатар облыстың 10 ауданында да шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Porsche Cayenne көлігі тұрғын үйге соғылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *