СҚО-да бағдаршам белгісін елемеген 1090 жүргізуші жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен 1090 жүргізуші анықталды. Облыс жолдарында орын алған 433 жол апатының 102-сі осындай әрекеттердің салдарынан болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Бағдаршамның сары түсіне өту өрескел бұзушылықтардың бірі. Мұндай фактілер патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен ғана емес, бейнебақылау камераларының көмегімен де анықталады. Бұл үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген автокөлік жүргізушілері бағдаршамның сары түсі жанғанда жүре бастайды. Осылайша, олар көше қиылысында жолдың ортасында солға бұрылу үшін тоқтап тұрған жүргізушілердің маневрді аяқтауына мүмкіндік бермейді. Бұл апатты жағдай туғызады және жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.

«Көше қиылыстарында қауіп жоғары. Адамдардың зардап шегуіне алып келген әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың нәтижесінде орын алған. Жыл басынан облыста тіркелген 433 жол апатының 102-сі осының салдарынан болған. 10 айдың ішінде СҚО жолдарында 60 мыңға жуық түрлі бұзушылықтар тіркелді», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталған адам 700 мың теңге грант ұтып алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *