Солтүсік Қазақстан облысының дәрігерлері италиялық маманмен күрделі ми аневризмаларына арналған ота жасады. Операция барысында пациенттерге pСonus2 бифуркациялық имплантын эндоваскулярлық имплантациялау жасалды. Бұл МӘМС арқасында мүмкін болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық көпбейінді ауруханада жасалған оталар мастер класс түрінде болды. Аурухана басшылығы және Fenox компаниясының қолдауының арқасында күрделі ми аневризмаларына арналған pСonus2 бифуркациялық имплантын эндоваскулярлық имплантациялау бойынша мастер-класс өткізілді. Күрделі ми аневризмасы — бұл қан тамырының қалыпты жағдайдан ауытқи отырып жергілікті кеңеюі. Әдетте бұл артерия кемшілігі, ауру немесе жарақат салдарынан болады.

Солтүстік өңірде алғаш рет нейрохирургия бөлімшесі мен ангиография кабинетінің мамандары италиялық Alessandro Checchia маманымен бірлесіп осындай операция жасады. Мастер-класс барысында МӘМС аясында үш пациентке операция жасалды. Оталар сәтті өтті. Қазір пациенттер өздерін жақсы сезінеді, алдағы күндері үйлеріне шығарылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 45 ауыл жабылады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x