Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Құлагер» ипподромында жазғы ат жарысы маусымы ашылды. Тартысты додаға сәйгүліктерін баптап келген Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы сондай-ақ Астана қаласының 50-ге жуық шабандозы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ат жарысы маусымының ашылу салтанатына жиналған халықтың қарасы қалың. Себебі, жылқы баптап, бәйгеге қосатын азаматтар аз емес, ал желмен жарысқан жүйріктердің жарысын көремін деушілер одан да көп.

СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы ашылды

Қалың жұрт назарына «Қыз қуу» ойыны көрсетілді. Ойын шарты бойынша жігіт бойжеткенді қуып жетіп, бетінен сүйеді. Ал жете алмаса, онда қыз жігітті қамшының астына алады. Жазғы ат спорты маусымының ашылуымен жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы ашылды

«Құрметті спорт мерекесіне қатысушылар және қонақтар. Бүгін Қызылжар ауданында ат спорты жарыстары бастау алды. Елімізде және СҚО-да ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударылған. Өңірде 800-ден астам жасөспірім қазақ күресімен айналысады. Сонымен қатар солтүстікқазақстандық жастар арасында көкпар, ат жарыс, күрес пен белдесу, арғымақ сынды спорт түрлеріне сұраныс артқан. Ат спортына қызығушылардың да саны күн санап өсіп келеді. Бүгінгі сайысымыз әділ әрі өте қызықты болады деп үміттенемін», — деді Қанат Дүзелбаев.

Шабандоздар үшін алты түрлі сайыс ұйымдастырылған. Спортшылар жорға жарысында 7000 метрге шапса, үлкен желісті аттар мен Орловтың төрт жасар желісті жылқылары 1600 метрге, құнан бәйгеде 5000, ал аламан бәйге жарысына қатысқандар 13 мың метрге шапты.

СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы ашылды СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы ашылды

«Өңірімізде ат жарысынан түрлі деңгейдегі сайыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Осы бәйгеде үздік деп танылғандар республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады. Облыста ұлттық спорт, атап өтсек ат спортына жақсы көңіл бөлініп жатыр. Және спортшыларымыздың да нәтижелері жаман емес. Бүгін жеңімпаздарға арнайы медаль, грамота мен ақшалай сыйлық табысталатын болады», — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Алдымен ипподромға жиналған қауым жорға жарысын тамашалады. Ережеге сәйкес, тізгіндегі жандар тұлпарларын жорғалатып қана бақ сынауы қажет. Ереже бұзылса, атбегілер сыннан шеттетіледі.  Жорға жарысына қатысушылардың бірі Аққайың ауданынан келген — Евгений Чибисов. Ол ат спортымен 25 жылдан бері айналысады. Көптеген республикалық сайыстардың жеңімпазы.Бүгінгі сайыста да бірінші орынды қанжығасына байлады. Шабандозға арнайы кубок пен 255 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Айта кету керек, Евгенийдің ағасы мен інісіде осы ұлттық спорт түріне қызығатын көрінеді.

СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы ашылды

«Атымның есімі — Аквамарин. Ресейден екі ай бұрын ғана алып келдік. Дайындалып, бүгін міне, бірінші рет сайысқа қатыстырдық. Және бірден жеңіске жеттік», — деді шабандоз Евгений Чибисов.

Жорға жарысына 7 қатысушы қатысса солардың бірі Тайынша ауданының намысын қорғап келген — Әлия Асқанова. 17 жастағы спортшы қола жүлдеге ие болды. Ат спортымен 6 жылдан бері айналысады екен.

СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы ашылды

«Былтыр осы жорға жарысында бірінші орынға ие болып едім. Ал биыл үшінші орын бұйырып тұр. Осы ұлттық спортқа қызығушылығым зор. Өте қиын әрі қызық спорт ойындарының бірі. Медаль және 145 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталдым», — деді спортшы қыз.

СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы ашылды

Айта кетейік, өңірде ат жарысы маусымы қазан айына дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз:Петропавлда бүтін бір отбасының өліміне кінәлі деп танылған үш адамға қатысты сот отырысы басталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x