Бастауыш сынып оқушыларына шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады

Биыл қазақ сыныбына барған бүлдіршіндер шет тілін оқымайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тілдерді оқыту енді кезең-кезеңмен іске асырылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы жылдары 1-сыныптың оқу бағдарламасына ағылшын тілі енгізіліп, көптеген оқушылар мен ата-аналарды әлекке салған болатын. Бұл жүйе өзгертілді. 2023-2024 оқу жылында бастауыш сыныпқа аяқ басқан ұл-қыздарға шет тілі енді оқытылмайды.

«Қазақ тілді 1-сыныптарда «Әліппе», «Ана тілі» пәндері болады. Орыс тілін балғындар тек 2-ші сыныптан бастап оқи бастайды. Ал, орыс тілінде оқитын балалар үшін 1-сыныптан «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндері енгізілмек», – деп таратты министрлік өкілдері.

Шет тілін оқушылар 3-сыныптап бастап меңгереді.

Тағы оқыңыз: Алдағы күндері мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы тоқтатылады

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x