Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту, дәрігерлердің құзыретін кеңейту және медициналық қызметтің сапасын арттыру. Денсаулық сақтау саласының ардагері Азамат Мағзұмов орын алатын оң өзгерістерге дән риза, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау саласын ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді. Алдағы уақытта өңірлерде 70 медициналық нысан бой көтереді. Олардың ішінде аурухана, емхана мен перинаталдық орталықтар бар.
«Бірінші байлық — денсаулық» дейміз. Сондықтан сол денсаулық жанашырларына бар жағдай жасалуы тиіс. Бұл — сала ардагері Азамат Мағзұмовтың пікірі. 50 жылға жуық еңбек өтілі бар маман орын алып жатқан оң бастамаларға дән риза.
«Денсаулық сақтау саласының өткені мен бүгінін салыстыруға келмейді. Кеңес одағы заманында ауруханаларда рентген аппараттары мен жүректі тексеретін қондырғылар ғана болды. Қазір бәрі бар. Нәтижесінде адам өмірін аман сақтап қалу мүмкіндігі жоғарылайды», — деді спикер.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда медициналық учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін өседі

