Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға және азаматтардың табысын арттыруға басымдық беріледі. Осы мақсатта учаскелік қызмет мамандарының жалақысын көтеру және ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алдағы уақытта медицина саласын оң өзгерістер күтіп тұр. Инфрақұрылым жаңаратынын жоғарыда айттық. Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін дамыту үшін жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, саланы қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру қажет. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға және алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің табысын өсіруге ықпал етеді.

Тағы оқыңыз: Өңірлерде 70-ке жуық медициналық нысан салынады

Поделиться:

Shares