Қызылордадан Ресейге жолға шыққан 39 жастағы ер адамның Солтүстік Қазақстан облысында денсаулығы күрт нашарлады. Оған Келлеровка ауылының трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері шұғыл көмек көрсетті, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылының маңында болған. 1987 жылы туған ер адам автогаз құю станциясына тоқтаған кезде өзін жайсыз сезінген. Көп ұзамай денесі құрысып, тырысу белгілері байқалған.
Шақырту түскен бойда оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жетті. Олар жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.
Қазіргі уақытта ер адам ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Тағы оқыңыз: Солтүстікте қараша айы әдеттегіден жылы болады

