Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесуде сот жүйесінің биылғы тоғыз айдағы жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жыл басынан бері соттар 24,8 мың қылмыстық істі қараған. Ал азаматтық істердің саны 28,4 пайызға с
артып, 605 мыңнан асқан. Бұдан бөлек, соттарда 29,2 мың әкімшілік іс және әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты 319 мың іс бойынша шешім шығарды.
Сотқа жүгінген азаматтардың дауларының жартысына жуығы медиация және басқа да баламалы тәсілдер арқылы шешілген. Бұл тараптардың өзара келісімге келуіне мүмкіндік берген.
«Биыл кассациялық соттарға 18 мыңнан астам шағым түсті. Оларды қарау нәтижесінде апелляциялық соттардың шешімдеріне өзгеріс енгізілген жағдайлар саны 934-тен 1704-ке дейін өсті. Яғни, бұл көрсеткіш екі есеге жуық артты», — деді Асламбек Мерғалиев.
Тағы оқыңыз: Петропавлда белгісіз алкогольден уланған үшінші адам да қайтыс болды

