Соңғы жеті жылда Қазақстанның өнеркәсіп саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Осы кезеңде жалпы құны 8,7 триллион теңге болатын 1 226 өндіріс орны іске қосылып, 106,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Салаға 5,9 триллион теңгеден астам инвестиция бағытталды. Соның нәтижесінде елімізде автобустар, тракторлар, полипропилен және жеңіл автокөліктер шығаратын өндіріс орындары ашылды. Олардың қатарында Chery, Changan, Haval және Kia маркалы автомобильдерді шығару жобалары бар.

Биыл тағы 200 өнеркәсіп жобасын іске асыру жоспарланған. Бұл 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстанның индустриялық дамуы мен жаңа өндіріс орындары туралы толығырақ бейнематериалда.

Тағы оқыңыз: Тілшілерге таныстырылым: Петропавл 2-ЖЭО қысқа дайын ба?

Поделиться:

Shares