Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 2082 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға аз, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыстың барлық ауданында оң динамика байқалады. Ал қылмыстың басым бөлігі Петропавл қаласында жасалған. Мұнда өңірдегі барлық деректің 65 пайызы тіркелді
«Облыста ұрлық 15,7 пайызға, бопсалау 28,6 пайызға, алаяқтық 31 пайызға, бұзақылық 20 пайызға төмендеген, — деді ҚР БП ҚСжАЕК СҚО бойынша департаменті.
Соған қарамастан, өңірде ұрлық пен алаяқтық фактілері әлі де көп. Жыл басынан бері өңірде 419 ұрлық және 497 алаяқтық дерегі тіркелген. Сондай-ақ 40 бұзақылық пен 10 бопсалау фактісі анықталған.
Кейбір қылмыс түрлері бойынша керісінше өсім байқалады. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана зиян келтіру деректері 12,8 пайызға артқан. Биыл осындай 53 жағдай тіркеліп, салдарынан тоғыз адам қаза тапқан. Бұдан бөлек, зорлаудың 10 және мал ұрлығының 11 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Мамандар интернет-алаяқтық мәселесіне де ерекше назар аударып отыр. Биыл мұндай қылмыстардың саны 25 пайызға азайғанымен, келтірілген шығын көлемі әлі де жоғары. Жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтар интернет-алаяқтардың кесірінен бір миллиард теңгеден астам қаражатынан айырылған.
Тағы оқыңыз: «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында прокурорлар 117 азаматты қабылдады

