Қарттар күніне орай Онкологиялық орталықта 70 жастан асқан тұрғындарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылады. Шара барысында егде жастағы әйелдер мен ер азаматтар бірқатар бейінді мамандардан тегін кеңес ала алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қабылдау 14 қазан күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді. Тұрғындарды онколог, маммолог, онкогинеколог және онкодерматолог мамандары қабылдайды. Мамандардың кеңесін алу үшін алдын ала қосымша медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Алайда бұрын жүргізілген медициналық тексерулердің нәтижелері, зертханалық талдаулар немесе басқа дәрігерлердің қорытындылары бар болса, оларды өзімен бірге алып келген жөн.

«Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығына көңіл бөліп, онкологиялық аурулардың алдын алуға және оларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беру. Дәрігерлер әсіресе егде жастағы азаматтарды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы мамандардың кеңесін алуға шақырады», — деп хабарлады СҚО онкологиялық орталығы.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/az-zhalaqymen-qymbat-muelik-alsangyz-salyq-organy-aqshanyng-qajdan-kelgenin-surajdy/

Поделиться:

Shares