2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Солтүстік Қазақстан облысына жаңа бас имам тағайындалды. Бұл қызметке Аян Алыпқаш келді. Жаңа бас имамды ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аян Алыпқаш – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Есіл ауданына қарасты Еңбек ауылында дүниеге келген. 2012 жылдан бері облыстық мешітте қызмет атқарып келеді.

Ол «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Сондай-ақ Түркияда білімін жетілдірген. Жаңа қызметінде өңірдегі діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жалғастырмақ. Айта кету керек, бұған дейін облыстың бас имамы қызметін Хамзат Әділбеков атқарған болатын.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-37-medpwnktting-12-si-negizgi-mamansyz-otyr/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *