2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

СҚО-да кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнес өкілдерінің 180 млн теңгеден астам мүліктік құқығы қорғалған. Бұл туралы Бірыңғай есеп беру күнінде Жеңіс Қазиев хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басынан бері облыстық кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен 83 өтініш түскен. Оның тең жартысы іскер жандардың пайдасына шешіліпті. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 180 млн теңгеден астам мүліктік құқығы қорғалған.

Өтініштердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына қатысты. Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу, салық, бухгалтерлік есеп және субсидиялау бойынша мәселелерді жиі көтереді. Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің құқықтық сауатын арттыруға да ерекше көңіл бөлуде.

Жыл басынан бері іскер жандарға арналған сегіз оқыту вебинары өтті. Онда кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары және банкроттық рәсімдер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Кәсіпкерлер палатасының өкілдері консультативтік-кеңесші органның жұмысына да белсенді қатысады. Олардың қатарында Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес, облыстық жер комиссиясы және тариф белгілеу жөніндегі комиссия бар. Жыл басынан аталған құрылымдардың 179 отырысына қатыстық. Маңызды шараларда 300-ге жуық өзекті мәселе қаралды», — деді СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/34-zhyl-bir-sharwashylyqta-engbek-etken-natalya-tyshhwk/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *