Үкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды. Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарлануда, деп жазады Qazaqstan Media.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздеріндегі ағымдағы нәтижелер мен отын қорлары туралы баяндады. Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай 1 қазанға дейін жылыту маусымы басталады. 

Энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры (4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут) және «негізгі» жабдықтардың құрамы бар. 4 энергия блогында, 30 қазандықта және 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 мың шақырым электр беру желілерін жөндеу толық көлемде орындалды. Сондай-ақ жоспардағы 377 шақырым жылу желілерінің жалпы дайындығы 97%-ды немесе 366 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар Ұлытау, Абай облыстарындағы және Солтүстік Қазақстан мен Ақмола өңірлеріндегі жылу беру нысандары Үкіметтің ерекше бақылауында. Петропавл қаласының жылу магистральдары бойынша дайындық 95%-ды құрайды. Осы барлық жұмыстарды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда мемлекет меншігіне 89 жер учаскесі қайтарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *