Петропавлда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Апат 20 қыркүйек күні шамамен сағат 23:15-те Назарбаев көшесінде болған, деп жазады Qazaqstan Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, Yamaha мотоциклін басқарған 41 жастағы жүргізуші жолды кесіп өтіп бара жатқан 38 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал мотоцикл жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

«Қазір полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде апатқа не себеп болғаны анықталуда»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, әсіресе түнгі уақытта, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында World Cleanup Day аясында көшеттер отырғызылып, сенбіліктер өтті

