2026 жылдың басынан бері заңнама талаптарын бұзғаны үшін 3 780 кәмелетке толмаған әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Статистика одан сайын өршіп, қайғылы оқиғалар орын алмас шін полицейлер профилактикалық шараларды күшейтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ертең солтүстікқазақстандық 75 мыңға жуық бала үшін алғашқы қоңырау соғылады. Оның 28 мыңнан астамы – петропавлдық. Мектеп табалдырығын 5 945 бүлдіршін аттайды. Сондықтан қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы қажет. Полицейлер тәртіптің бұзылмауын үнемі қадағалайтын болады. Бірақ, ата-аналар мен ұстаздары осы мәселеге ерекше назар аударған абзал.

«Сіздерге полиция қызметкері ретінде ғана емес, екі баланың әкесі ретінде де үндеу жасағым келеді. Балаларыңыздың қайда жүргеніне, кіммен араласатынына және бос уақытында немен айналысатынына көңіл бөліңіздер. Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік. Полиция, ата-аналар, ұстаздар және балалардың өздері бірлесіп жұмыс істегенде ғана жаңа оқу жылын қауіпсіз өткізе аламыз», — СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Облыста түнгі уақытта көшеде жүретін балалар көбейген. Ата-анасының қараусыз қараңғы уақытта қыдырған ұл-қыздар да жетіп артылады. Ұрлық, ішімшік ішу, көңіл көтеру орындарына бару сияқты фактілер де тіркелген.

«2026 жылдың басынан бері заңнама талаптарын бұзғаны үшін 3 780 кәмелетке толмаған әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке тоқталсақ. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына қатысты 976 факт тіркелді. Ұл-қыздардың түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды тұлғаларсыз жүруіне байланысты 2 378 жайт анықталды. 200 бала алкогольдік ішімдік ішкен, ұсақ бұзақылыққа 153-і барды. Сонымен қатар, 30 кәмелетке толмаған ойын-сауық орындарына кірген», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: Қыркүйекте СҚО-да өтетін спорт жарыстары

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *