Ми қан тамырларына жасалатын күрделі оталардың заманауи тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында дәрігерлерге арналған екі күндік практикалық шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тәжірибе алмасуға Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың қан тамырлары нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты нейрохирург Рауан Кастей қатысты. Шеберлік сабағының алғашқы күні дәрігерлер ми қан тамырларындағы аневризмаларды емдеудің эндоваскулярлық әдісін тәжірибеде қолданды. Қарапайым тілмен айтқанда, аневризма – қан тамыры қабырғасының әлсіз жерінің кеңейіп, томпаюы. Ол жарылған жағдайда миға қан құйылып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Дәрігерлер аневризманы ашық ота жасамай, қан тамыры арқылы арнайы құралдардың көмегімен емдеу тәсілдерін жетілдірді. Барлық араласу тәжірибелі нейрохирургтің жетекшілігімен жүргізілді.

Екінші күні мамандар қан тамырларын стенттеу әдісін меңгерді. Бұл тәсіл тарылған немесе зақымданған тамырдың ішіне арнайы стент орнатып, қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Екі күндік шеберлік сабағында дәрігерлер эндоваскулярлық нейрохирургиядағы заманауи тәсілдерді тәжірибе жүзінде қолданып, күрделі операцияларды орындау дағдыларын жетілдірді.

Тағы оқыңыз: Қазақ халқы тамызда күздің қандай белгілерін байқаған?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *