Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау көлінде қатты жел резеңке қайықпен балық аулауға шыққан ер адамды жағадан алысқа алып кеткен. Ол өздігінен жағаға қайта алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға СҚО Айыртау ауданындағы Имантау көлінде болған. 1990 жылы туған ер адам резеңке қайықпен балық аулап жүрген кезде қатты жел тұрып, оны жағадан алысқа алып кеткен. Балықшы өз күшімен жағаға жете алмаған. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері аттанды. Құтқарушылар ер адамды көл акваториясынан тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Балықшыға медициналық көмек қажет болмаған.
Құтқарылған ер адамның жұбайы ТЖМ қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, күйеуіне көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Тағы оқыңыз: Жаңа оқу жылынан бастап облыстың бес ауданында агросыныптар ашылады

