Жуырда Германияда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Дүбірлі додада жерлесіміз Аманғали Бекболатов қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде ел спортшылары алты алтын, төрт күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Жоғары нәтиженің арқасында ел құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Ел мерейін асырғандардың арасында солтүстікқазақстандық палуан Аманғали Бекболатов та бар. Ол жарыста төрт кездесу өткізді. Жерлесіміз алғашқы белдесуде жергілікті спортшыдан жеңіліп қалды. Бірақ, финалға шығып, теріскейлік жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

«Ол жұбаныш белдесулерде Дания және Болгария елінен келген палуандардың жауырынын жер иіскетті. Ал қола үшін кездесуде қазақстандық спортшыдан басым түсті», — делінген СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарламасында.

Тағы оқыңыз: «Әділет» партиясы СҚО-да білім, өндіріс және ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *