Демалыс күндері Қазақстанда футболдан ел чемпионатының 22-тур ойындары өтті. Оның аясында «Қызылжар» ФК елордалық «Астанамен» тең тарқасты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Демалыс күндері Қазақстанда футболдан ел чемпионатының 22-тур ойындары өтті. Оның аясында «Қызылжар» ФК елордалық «Астананы» қабылдады. Матч «Қарасай» стадионында өтті.

Ойын өте жоғары деңгейде өтті. Қонақ команда допқа көп иелік етті. Қауіпті шабуылдар жасады. Бірақ жергілікті футболшылар да қарап қалған жоқ. Қарсы шабуылда «Астана» қақпасына қауіпті соққылар жасады. Қос команда бірінші таймда тең тарқасты. Есеп — 0-0.

Екінші таймды қонақтар қарқынды бастады. Шабуылдардың бірінде «Астананың» шабуылшысы Станислав Басманов допты тоғыздыққа дәл теуіп, есепті ашты. Қырандар мұнымен мойып қалған жоқ. Матчтың соңғы минуттарында әуелеген допты баспен қақпаға енгізген Неделько Пишевич есепті теңестерді.

Бір ұпай еншілеген қырандар қазіргі таңда турнирлік кестеде 23 ұпаймен 11 орынға сырғыды. «Қызылжар» ФК келесі ойынын сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсв өткізеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мектепте 34 мыңнан астам оқушы тегін тамақтанады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *