Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 34,5 мың оқушы мектепте тегін ыстық тамақ ішеді. Олардың басым бөлігі — бастауыш сынып оқушылары. Сонымен қатар әлеуметтік санаттарға жататын жоғары сынып оқушылары да тегін тамақпен қамтылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 1–4 сыныптарда оқитын 27 660 балаға тегін ыстық тамақ беріледі. Бұдан бөлек, әлеуметтік санаттарға жататын 5–11 сыныптардағы 6840 оқушы да мектеп асханасында тегін тамақтанады. Бір балаға бөлінетін қаржы оның жасына қарай есептеледі.

«Алты жастан 10 жасқа дейінгі оқушылардың тамақтануына күніне 738 теңге, 11–14 жастағы балаларға 909 теңге, ал 15–18 жастағы жасөспірімдерге 968 теңге қарастырылған», — деді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.

Жаңа оқу жылында облыстағы 439 мектепте барлығы 73 437 бала білім алады. Оның 6789-ы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, бірінші сыныпқа барады. Сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасыларға балаларын мектепке дайындауға қаржылай көмек көрсетіледі. Мұндай отбасылардағы әр оқушыға 50 851 теңгеден төленеді.

Тағы оқыңыз: Нұржан Тағаниязов: сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *