Петропавл қаласында Конституция күніне орай тұрғындарға арналған танымдық квест өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық және саяси сауаттылығын арттырып, Ата заң туралы білімдерін кеңейту, деп жазады Qazaqstan Media.

Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Қаланың бас көшесінде өткен квестке ниет білдірген кез келген адам қатыса алды. Ойынға жастармен қатар ересек тұрғындар да белсенді қатысты.

Қатысушыларға Конституцияға, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, елдегі конституциялық өзгерістерге қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап бергендер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Петропавлда Конституция күніне орай көшеде квест ұйымдастырылды
Петропавлда Конституция күніне орай көшеде квест ұйымдастырылды

Квестке қатысушы Лаура Әшімованың айтуынша, мұндай форматта білімді сынау әрі пайдалы ақпарат алу қызықты болған.

«Мен қыдырып жүріп, осындай ойынға қатысқаныма қуаныштымын. Жақында жаңа Конституция туралы оқып, жаңалықтар мен әлеуметтік желілердегі ақпараттарды қарап жүрген едім. Сол алған білімім осы ойында көмегін тигізді», – дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, мемлекет өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы ақпаратты көпшілікке қолжетімді форматта жеткізуге және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Танымдық квест «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылды.

Петропавлда Конституция күніне орай көшеде квест ұйымдастырылды
Петропавлда Конституция күніне орай көшеде квест ұйымдастырылды

Тағы оқыңыз: Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *