Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді.  Қаражат Петропавлдың 30 мыңнан астам тұрғынын жылумен қамтамасыз ететін магистральды жөндеуді аяқтауға бағытталады, деп жазады Qazaqstan Media. 

Үкімет қаулысымен резервтен Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаражат Ж.Жабаев – А.Шәжімбаев – Новая – Ы.Алтынсарин көшелері бойындағы учаскелердегі жылу желісінің құрылысына бағытталған.
2026 жылы 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады. 2025 жылы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған. Осылайша, бөлінген қаражатқа Петропавл қаласындағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жобаны жүзеге асыру 80%-дан астам тозған магистральды ауыстыруға септеседі. Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстауда. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогына, 63 қазандық пен 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр тарату желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жаңғыртылды және ең көп тозған 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-ға дейін төмендеді.

Тағы оқыңыз: 14 тілде сөйлейтін Euronews енді қазақ тілінде де хабар таратады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *