Қазақстанның солтүстік өңірлерінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 7-8 шілде күндері өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп жазады Qazaqstan Media.

Синоптиктердің болжамынша, тұрақсыз ауа райымен қатар аптап ыстық та күшейеді. Солтүстікте ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, +35…+38 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Жалпы ел бойынша да атмосфералық фронттар ауа райына әсерін тигізеді. 7 шілдеде орталық және шығыс өңірлерде, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, ал 9 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ батыс, оңтүстік және шығыс облыстарда жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Енді Мемлекеттік Туды тұрғын үйлер мен балкондарға ілуге болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *