Петропавлда жыл басынан бері алкогольдік масаң күйде 176 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл – қаладағы әрбір төртінші қылмыс. Ал 62 дүкен кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқан. Бұл туралы Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Көптеген отбасылық жанжалдар, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері, агрессиялық мінез-құлық пен қылмыстар алкогольдік масаң күйде жасалады. Сондықтан учаскелік полиция инспекторларының басты міндеті – құқық бұзушылыққа ден қою ғана емес, ең алдымен оның алдын алу.

«Қазір Петропавлда созылмалы алкоголизмге шалдыққан 1313 азамат профилактикалық есепте тұр. Олармен тұрақты түрде профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, тұрғылықты мекенжайлары тексеріледі. Жыл басынан бері полицейлер алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзудың 68, лицензиясыз алкоголь сатудың 30 фактісін анықтады.  Заң бұзушылықтардың басым бөлігі – 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сату. Мұндай 62 дерек тіркелген. Тағы алты жағдайда алкоголь сағат 23:00-ден кейін сатылған»,-деді өз баяндамасында спикер.

Тексерулер барысында «Ностальжи», «Ретро», «Ермек», «Креветка», «Марка», «Вечерний город» және «Камелот» дәмхана-барларында заң бұзушылықтар анықталған. Ал «Вечерний город» мекемесінде лицензиясыз алкоголь сату фактісі тіркелген.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 мың 958 литр спирт құрамды өнім тәркіленді. Сондай-ақ заң талаптарын бұзған сауда орындары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың алкоголь өнімін сатуға берілген лицензиялары уақытша тоқтатылды», – деді полиция басқармасының бастығы.

Спикердің мәліметінше, алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстардың ішінде адам өлтірудің екі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 18, зорлаудың екі, сексуалдық сипаттағы күш қолданудың екі және бұзақылықтың тоғыз фактісі тіркелген. Биыл 27 азамат мәжбүрлеп емдеуге жіберілсе, тағы 78 адам ерікті түрде ем қабылдаған. 

Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *