Солтүстік Қазақстан облысында Тілдерді оқыту орталығына жаңа басшы болып айтыскер ақын Жарқын Жұпарханұлы тағайындалды. Ол көпшілікке айтыскер ақын ретінде таныс, деп жазады Qazaqstan Media.
Жарқын Жұпарханұлы 1987 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Журналистика» және «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінде тілші болып бастаған. Кейін Қызылжар ауданындағы Озерный орта мектебінде мұғалім, «Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметінің орталығы» КМҚК-да әдіскер қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін «Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметінің орталығы» КМҚК-да бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ ол өңір намысын республикалық айтыстарда абыроймен қорғап келеді.
Тағы оқыңыз: Петропавл жастары жаңа Конституцияның күшіне енуін флешмобпен атап өтті

